24.12.2025 11:33

Жезус «Арсеналдағы» 100-матчын өткізді

24.12.2025 11:33

«Арсенал» Лига кубогының ширек финалында «Кристал Пэласты» (1:1, пен. 8:7) жарыс жолынан шығарып жіберді

Бұл ойын Габриэль Жезустың «Арсенал» сапындағы 100-матчы болды.

28 жастағы Бразилия шабуылшысы «зеңбірекшілердің» қатарында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта 26 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Жезус осы маусымда төрт матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram