24.12.2025 10:59
«Барселона» үш қорғаушыға көз тікті
24.12.2025 10:59
«Барселона» қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр

Mundo Deportivo хабарлауынша, Каталонияның клубы Николас Отаменди («Бенфика»), Стефан де Врей («Интер») және Маркос Сенесиге («Борнмут») қызығушылық білдіріп отыр.
Клуб бұл ойыншыларды өткен жазда командадан кеткен Иньиго Мартинестің орнын басып, лидер бола алады деп біледі.
Ал күйзелісте жүрген Рональд Араухо мен келер жазда келісімшарты аяқталатын Андреас Кристенсен «блаугранадан» кетуі мүмкін.
Айта кетейік, 18 турдан кейін 46 ұпай жинаған Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері Испания Ла Лигасында көш бастап тұр.