14.05.2026 15:48

Хулиан Альварес үшін таласқа ПСЖ араласады

14.05.2026 15:48

ПСЖ «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес үшін таласта көш бастауға ниетті

Mundo Deportivo хабарлауынша, Париждің клубы 26 жастағы аргентиналық форвардты келер жазда қатарына қосқысы келеді және «Барселона» берейін деп отырған 100 миллион еуродан жоғары ұсыныс жасауға дайын.

Ал «матрасшылар» басты жұлдызын ішкі чемпионаттағы тікелей бәсекелесі «Барселонаға» бергеннен гөрі, алшақтағы ПСЖ-ға сатуды жөн санайды. Бірақ соңғы сөзді Альварестің өзі айтады. Одан бөлек оған «Арсенал» қызығушылық танытып отыр.

Альварес «Атлетикоға» 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram