14.05.2026 10:25

«Барселонаның» сәтті сериясы аяқталды

14.05.2026 10:25

Испания Ла Лигасының 36-турында «Барселона» сырт алаңда «Алавеске» 0:1 есебімен есе жіберді

Осылайша Каталонияның клубы 2024 жылдың желтоқсан айынан бері алғаш рет қарсылас қақпасын тулата алмады. Бұған дейін «блауграна» 55 ойын қатарынан гол соғып келген еді.

Еске салайық, Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері өткен ойында «Реалды» (2:0) жеңіп, чемпион атанған. Команда келесі турда 17 мамыр күні «Бетисті» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram