14.05.2026 09:34
Месси хет-трик жасады
14.05.2026 09:34
MLS 13-турында «Интер Майами» сырт алаңда «Цинциннатиді» 5:3 есебімен тізе бүктірді

Флоридалықтардың сапында Лионель Месси хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берді және матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осылайша 25-ұпайын еншілеген Дэвид Бекхэмнің клубы турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
38 жастағы аргентиналық вингер «Интер Майами» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 14 матчта 12 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.