14.05.2026 02:06
ПСЖ Франция чемпионы атанды
14.05.2026 02:06
Франция Бірінші лигасының 29-турында ПСЖ сырт алаңда «Лансты» 2:0 есебімен тізе бүктірді

«Боллар-Делелис» стадионында өткен кездесуде Хвича Кварацхелия мен Ибраһим Мбайе мергендік танытты.
Осылайша Париждің клубы чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда мезгілінен бұрын Францияның 15 дүркін чемпионы атанды.
Луис Энрике шәкірттері 17 мамыр күні өтетін соңғы турда «Парижге» қонаққа барады. Ал одан 13 күннен соң Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» болатын Чемпиондар лигасының финалында «Арсеналмен» күш сынасады.