14.05.2026 01:56
«Манчестер Сити» «Кристал Пэласты» тізе бүктірді
14.05.2026 01:56
Ағылшын Премьер-лигасының 31-туры аясында «Манчестер Сити» өз алаңында «Кристал Пэласты» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Этихад» стадионында өткен кездесуде Антуан Семеньо, Омар Мармуш және Савио гол соқты.
Осылайша «қалалықтар» 77-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде екінші орында қалды.
Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі турда 19 мамыр күні «Борнмутқа» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын «Уэмблиде» «Челсимен» Англия кубогын сарапқа салады.