13.05.2026 20:09

«Арсенал» ойыншысы қатардан шықты

13.05.2026 20:09

«Арсенал» қорғаушысы Бен Уайттың қатардан шыққанын хабарлады

28 жастағы ойыншы Ағылшын Премьер-лигасының 36-турындағы «Вест Хэмге» қарсы матчта (1:0) тізесінің ішкі байламын жарақаттап алыпты.

Осыған байланысты ол маусымның қалған бөлігінде командасына көмектесе алмайды және Әлем чемпионатына қатыспайды.

Уайт осы маусымда 30 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram