05.10.2025 19:10
Хави «Ман Юнайтед» тізгінін ұстауға дайын
05.10.2025 19:10
«Манчестер Юнайтед» бас бапкері лауазымына Хави тағайындалуы мүмкін
CaughtOffside мәліметінше, испаниялық маман Манчестер клубын тізгіндеуге әзір.
Тіпті, Сауд Арабиясынан түскен бірқатар ұсыныстың бетін қайтарған екен. Енді «Манчестер Юнайтедтен» қоңырау күтіп отыр.
Қазіргі таңда манкуниандықтарды Рубен Аморим жаттықтырады. Оның тұсында жеті ойында 10 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» АПЛ турнир кестесінде 9-орында келеді.
Ал Хави болса 2024 жылы «Барселонадағы» (2021-2024) қызметінен кеткеннен кейін әлі бапкерлікке оралмады.