30.09.2025 08:55
Хави «Манчестер Юнайтедті» баптауға дайын
30.09.2025 08:55
Хави «Манчестер Юнайтед» бас бапкері атануы мүмкін
Фабрицио Романоның айтуынша, испаниялық маман Ағылшын Премьер-лигасын мұқият зерттеп жүр. Ол тіпті команда еурокубокка қатыспаса да, Манчестердегі жұмысқа дайын екен.
Қазіргі таңда манкуниандықтарды Рубен Аморим жаттықтырады. Оның тұсында алты ойында жеті ұпай жинаған «қызыл сойқандар» АПЛ турнир кестесінде 14-орында келеді.
Ал Хави болса 2024 жылы «Барселонадағы» (2021-2024) қызметінен кеткеннен кейін әлі бапкерлікке оралмады.