04.02.2026 11:21
Хамес Родригес ат басын MLS-ке бұрады
04.02.2026 11:21
Хамес Родригес мансабын MLS-те жалғайды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 34 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушы «Миннесота Юнайтедпен» келіссөз жүргізіп жатыр. Қос тарап келісімге келуге жақын екен.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желісіне ұшақта түскен суретін жариялап, клуб ауыстыратынын тұспалдады.
Хаместің соңғы клубы «Леон» болды. Ол Мексиканың командасынан 1 қаңтарда кетті. Одан бөлек мансабында «Реал», «Бавария», «Эвертон» және «Монако» секілді белгілі клубарда ойнаған.