04.02.2026 10:58

«Милан» 22 матч бойы жеңілмей келеді

04.02.2026 10:58

Италия А Сериясының 23-турында «Милан» сырт алаңда «Болоньяны» 3:0 есебімен жеңді

Болоньяда өткен кездесуде Рубен Лофтус-Чик, Кристофер Нкунку және Адрьен Рабьо мергендік танытты.

Осылайша «россонерри» А Сериясындағы жеңіліссіз сериясын 22 матчқа дейін ұзартты. Соңғы рет олар алғашқы турда «Кремонезеге» (1:2) жол берген еді. Содан бері 14 матчта жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең түсті.

Ал мұндай көрсеткішті «Милан» бұған дейін 2022 жылы тіркеген. Ол кезде серия 2021/22 жылғы маусымда басталып, 2022/23-те мәресіне жетті.

23 ойыннан кейін 50 ұпай жинаған Массимилиано Аллегри шәкірттері турнир кестесінде екінші орында келеді. Келесі турда команда 13 ақпан күні «Пизаға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram