04.02.2026 08:47
Канте «Фенербахче» ойыншысы атанды
04.02.2026 08:47
Н'Голо Канте «Фенербахче» ойыншысы атанды

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Осыған дейін трансфер құжаттардың дұрыс жіберілмеуіне байланысты жүзеге аспай қалған еді. Алайда бұл мәселе FIFA арқылы сәтті шешілген екен.
34 жастағы француз жартылай қорғаушысы «Әл-Иттихад» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 26 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.