30.05.2026 18:47

Вирц «Челсиге» ауысуы мүмкін

30.05.2026 18:47

«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Флориан Вирц клуб ауыстыруы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, оған «Челси» қызығушылық танытуда және 150 миллион еуро көлеміндегі ұсыныс жолдауға дайындалып жатыр. Флорианның өзі Лондонның клубына ауысуға дайын екен. Ол Хаби Алонсоның командасына қосылғысы келеді. Бұған дейін екеуі 2022-2025 жылдар аралығында «Байерде» бірге болған.

Вирц Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Байерден» 125 миллион еуроға ауысып келген еді. 23 жастағы неміс ойыншысы осы маусымда 49 матчта жеті гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram