30.05.2026 16:34

Арне Слот «Ливерпульден» кетті

30.05.2026 16:34

«Ливерпуль» бас бапкер Арне Слотпен қош айтысқанын хабарлады

Қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды. Енді оның орнын басуға «Борнмуттан» кеткен Андони Ираола басты үміткер болып тұр.

47 жастағы Нидерланд маманы «қызылдарды» 2024 жылдан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында Мерсисайдтың клубы өткен маусымда Англия чемпионы атанды. Ал биыл Ағылшын Премьер-лигасында 38 турдан кейін 60 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады және Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram