29.01.2026 16:22

Вернер мансабын MLS-те жалғайды

29.01.2026 16:22

«Лейпциг» шабуылшысы Тимо Вернер ат басын АҚШ-қа бұрады

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, 29 жастағы неміс форварды «Сан-Хосе Эрткуэйкс» клубына ауысады. Қос тарап толықтай келісімге келді. Тимо қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр екен.

Ал оның «Лейпцигпен» келісімшарты мезгілінен бұрын бұзылды. Сол үшін «бұқалар» Вернерге өтемақы ретінде екі миллион еуро төлейді.

Вернер осы маусымда үш матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram