29.01.2026 12:27
Фримпонг жарақат алды
29.01.2026 12:27
«Ливерпуль» қорғаушысы Джереми Фримпонг жарақат алды

25 жастағы ойыншы Чемпиондар лигасындағы «Қарабахқа» (6:0) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгін медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақаттың қаншалықты ауыр екені және қанша уақытқа қатардан шыққаны белгілі болады.
Бұл оның осы маусымдағы төртінші жарақаты болды. Осыған дейін 88 күні емделуге кетіп, 18 матчтан тыс қалған.
Фримпонг Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Байерден» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 19 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.