29.01.2026 19:21

Валерий Громыко «Қайраттан» кетті

29.01.2026 19:21

Валерий Громыко «Қайраттан» кетті

Қос тарап келісімшарттың аяқталуына байланысты қош айтысты.

29 жастағы жартылай қорғаушы «сары-қаралардың» сапында 2024 жылдың шілде айынан бері ойнаған еді. Осы аралықта 57 матчта жеті гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ командамен бірге Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Ел Суперкубогын жеңіп алды.

Осыған дейін Алматының клубынан Егор Сорокин, Офри Арад, Гиорги Зариа, Элдер Сантана, Александр Заруцкий және Жоао Пауло кеткен еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram