15.04.2026 08:59
«Ұрлық туралы айта да алмайсыздар»: Хуан Муссо Рафиньяға жауап берді
15.04.2026 08:59
«Атлетико» қақпашысы Хуан Муссо «Барселонаға» (1:2, жалпы есеп 3:2) қарсы Чемпиондар лигасы ширек финалы аясындағы қарымта матчқа қатысты пікір білдірді

«Ұрлық туралы айта да алмайсыздар. Үш пенальти, төрт қызыл қағаз болғандай сөйледіңіздер ғой. Біз алаңда таза жеңдік. «Камп Ноуда» да 2:0 есебімен басым түстік»,– деді голкипер.
Сондай-ақ ол Фермин Лопестің жарақаты жөнінде сөз айтты.

«Қызыл қағаз? Әзілдеп тұрсыз ба? Ферминнің жағдайы туралы қалай менен сұрайсыз? Маған да ауыр тиді. Мен бар болғаны өз қақпамды қорғадым, нәтижесінде ол менің аяғыммен соқтығысты»,– деді Муссо.
Осыған дейін «Барселона» вингері Рафинья аталған матчты «ұрланған» деп таныған еді.