15.04.2026 08:39

Рафинья: «ұрланған матч болды»

15.04.2026 08:39

«Барселона» вингері Рафинья «Атлетикоға» (2:1, жалпы есеп 2:3) қарсы Чемпиондар лигасы ширек финалы аясындағы қарымта матчтағы төрешілерге қатысты пікір білдірді

«Мен үшін бұл ұрланған ойын. Төрешілердің мәселесі өте көп, олардың қабылдаған шешімдері сұмдық. «Атлетико» неше фол жасады білмеймін, бірақ оларға бірде-бір сары қағаз көрсетілмеді. Түсінуім бойынша, олар «Барселонаның» жеңіске жетіп кетуінен қорқады. Осыған байланысты бізге ойынды жеңу үшін үш есе көп күш салу керек, бұл өте ауыр. Бір рет жаңылысса түсінер едім, бірақ қайта-қайта қателесуге болмайды ғой»,–деді Рафинья.

29 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 31 матчта 19 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram