17.04.2026 10:11
Уоткинс «Астон Вилладағы» 100-голын соқты
17.04.2026 10:11
Еуропа лигасы 1/4 финалының қарымта матчында «Астон Вилла» өз алаңында «Болоньяны» 4:0 есебімен тізе бүктірді

Бұл матчта Олли Уоткинс есеп ашып, өзінің «Астон Вилла» сапындағы 100-голын соқты. 30 жастағы англиялық форвардқа бұл межеге жету үшін 269 матч қажет болды. Одан бөлек ол 44 нәтижелі пас берген.
Уоткинс «арыстандар» сапына 2020 жылы «Брентфордтан» 34 миллион еуроға ауысып келген еді.