17.04.2026 09:55

«Астон Вилла» рекорд жаңартты

17.04.2026 09:55

Еуропа лигасы ширек финалының қарымта матчында «Астон Вилла» өз алаңында «Болоньяны» 4:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша Еуропа лигасында қатарынан тоғызыншы ойында жеңіске жетіп, мұндай көрсеткішті тіркеген Англияның алғашқы клубы атанды.

Бұған дейінгі рекордты «Челси» 2013 жылдың сәуірі мен 2018 жылдың қарашасы аралығында орнатып, ол кезде сегіз матч қатарынан қарсылас шақ келтірмеген.

«Арыстандар» «Болоньямен» текетіресте қос матчтың қорытындысы бойынша 7:1 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті. Унаи Эмери шәкірттері енді финал жолдамасын «Ноттингем Форестпен» сарапқа салады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram