13.03.2026 08:42

Унаи Эмери рекорд орнатты

13.03.2026 08:42

Еуропа лигасы 1/8 финалының алғашқы матчында «Астон Вилла» сырт алаңда «Лилльді» 1:0 есебімен жеңді

Бұл бас бапкер Унаи Эмеридің Бирмингем клубының тізгініндегі 100-жеңісі болды. Осылайша ол бұл межені ең жылдам бағындырған тәлімгер атанды. Оған 100 жеңіс үшін 181 матч қажет болды.

54 жастағы испан маманы «арыстандарды» 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді.

«Астон Вилла» келесі кездесуін 15 наурыз күні Ағылшын Премьер-лигасының 30-туры аясында «Манчестер Юнайтедке» қарсы сырт алаңда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram