08.10.2025 23:04
Топ-клуб Ямаль үшін 230 млн еуро ұсынуға дайын
08.10.2025 23:04
«Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
Defensa Central мәліметінше, Париж ұжымы 18 жастағы вингер үшін 230 миллион еуро ұсынуға дайын екен.
Егер «блауграна» ұсынысты қабылдаса, бұл футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ.
Қазіргі рекорд 2017 жылы «Барселонадан» ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысқан Неймарға тиесілі.
Ямаль биылғы маусымда бес ойынға қатысып, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның Каталония клубымен келісімшарты 2031 жылға дейін жарамды.