17.12.2025 11:03
The Best: Салахтың кімге дауыс бергені белгілі
17.12.2025 11:03
«Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах Египет құрамасының капитаны ретінде The Best нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік ойыншысын анықтауға қатысты

33 жастағы ойыншы басты дауысын Ашраф Хакимиге берді. Оның рейтингінде Осман Дембеле екінші, ал Килиан Мбаппе үшінші орынға жайғасыпты.
Айта кетейік, бұл жүлдені ПСЖ шабуылшысы Осман Дембеле жеңіп алған еді.