17.12.2025 09:53
The Best: Байсуфинов пен Әліп кімге дауыс берді?
17.12.2025 09:53
The Best-2025 иегерін анықтауға Қазақстан атынан Талғат Байсуфинов пен Нұралы Әліп қатысты

Ұлттық құраманың бас бапкері үздік ойыншы деп Осман Дембелені таныса, «үздік бапкер» номинациясында Луис Энрикені бірінші орынға қойды. Капитанның таңдауы да дәл осылай болды.
Талғат Байсуфинов.
Үздік ойыншы:
Осман Дембеле
Рафинья
Ламин Ямаль.
Үздік бапкер:
Луис Энрике
Ханси Флик
Энцо Мареска.
Нұралы Әліп.
Үздік ойыншы:
Осман Дембеле
Ашраф Хакими
Рафинья.
Үздік бапкер:
Луис Энрике
Ханси Флик
Микель Артета.
Нәтижесінде Дембеле мен Энрике топ жарған еді.