17.12.2025 08:25
Эстевао қатардан шықты
17.12.2025 08:25
«Челси» шабуылшысы Эстевао жарақат алды

18 жастағы Бразилия ойыншысы бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты ол 20 желтоқсанға жоспарланған «Ньюкаслға» қарсы ойынға қатыспайды. Ал нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Эстевао осы маусымда 21 ойында бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.