17.12.2025 02:53
«Челси» Англия кубогының жартылай финалына шықты
17.12.2025 02:53
Ағылшын Лигасының Кубогының ширек финалында «Челси» сырт алаңда үшінші дивизионның клубы «Кардиффтен» басым түсті

Кардиффте өткен кездесуде «ақсүйектер» 3:1 есебімен жеңіске жетті. Лондон ұжымының сапында Алехандро Гарначо дубль жасаса, Педру Нету бір мәрте мергендік танытты.
Осылайша «Челси» турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, 16 ойыннан кейін 28 ұпай жинаған Энцо Мареска шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында төртінші орында келеді. Келесі турда команда 20 желтоқсан күні «Ньюкаслға» қонаққа барады.