16.12.2025 22:38
The Best-2025: Луис Энрике – жылдың үздік бапкері
16.12.2025 22:38
Луис Энрике The Best нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік бапкері атанды

55 жастағы испан маманы дауыс беру нәтижесінде Хавьер Агирре (Мексика), Микель Артета («Арсенал»), Ханс-Дитер Флик («Барселона»), Энцо Мареска («Челси»), Роберто Мартинес (Португалия) және Арне Слотты («Ливерпуль») артқа тастады.
Энрикенің тұсында ПСЖ өткен маусымда тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алған еді.
Ал былтыр бұл аталым бойынша Карло Анчелотти топ жарған.