16.12.2025 21:00
«Интер» ойыншысы қатардан шықты
16.12.2025 21:00
Дюмфрис наурыздың басына дейін қатардан шықты

«Интер» қорғаушысы Дензел Дюмфрис наурыз айының басына дейін ойнай алмайды, деп хабарлайды инсайдер Николо Скира.
Еске салайық, 29 жастағы футболшы 9 қарашада өткен А Сериясындағы «Лациоға» қарсы матчта (2:0) тобығынан жарақат алған. Осыған байланысты италиялық клуб қаңтар айында оң қапталдағы қорғаушы позициясына жаңа ойыншы іздей бастады.
Бұған дейін Дюмфриске ота қажет болуы мүмкін екені хабарланған еді. Осы маусымда Дензел клуб сапында 15 матч өткізіп, 3 гол соқты.