16.12.2025 19:59
2025 жылдың үздік ойыншысы белгілі болды
16.12.2025 19:59
ПСЖ шабуылшысы Осман Дембеле 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды

Бұл жүлдені Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) табыстады.
28 жастағы француз дауыс беру нәтижесінде Эрлинг Холанд, Харри Кейн, Жоау Невеш, Хвича Кварацхелия, Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль, Нико Уильямс, Нуну Мендеш, Педри, Скотт Мактоминей, Витинья, Бруно Гимараэс, Джорджиан де Арраскаэта, Густаво Гомес, Хулиан Альварес, Лаутаро Мартинес, Луис Диас, Мойсес Кайседо, Рафинья, Винисиус Жуниор, Мұхамед Салах, Ашраф Хакими, Серу Гирасси, Сон Хын Мин және Кристиан Пулишичті артқа тастады.
Дембеле өткен маусымда ПСЖ-мен тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол France Football нұсқасы бойынша «Алтын доп» иегері атанды.