25.12.2025 14:05

Тер Штегенді екі клуб жалға алғысы келеді

25.12.2025 14:05

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген жақында клубтан кетуі мүмкін

Marca хабарлауынша, 33 жастағы неміс ойыншысын «Астон Вилла» мен «Жирона» маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.

Тер Штеген де жалда ойнап келуге кетәрі емес. Ол Германиямен алдағы Әлем чемпионатына бару үшін көбірек матч өткізіп, көзге түскісі келеді. Егер «Барселонада» қалатын болса, оны бас бапкер Юлиан Нагельсман Ұлттық құрамаға шақырмайды екен.

Марк 29 шілде күні алған арқасындағы жарақатына байланысты ұзақ уақыт қатарда болмады. Ол 16 желтоқсан күні ғана Испания кубогының 1/16 финалындағы «Гвадалахарамен» (2:0) ойында алаңға оралды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram