25.12.2025 12:12
«Бавария» ойыншысы ат басын Мадридке бұруы мүмкін
25.12.2025 12:12
«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецка мансабын Мадридте жалғастыруы мүмкін

Marca хабарлауынша, 30 жастағы Германия құрамасының ойыншысына «Атлетико» қызығушылық танытып отыр.
Горецканың өзі де «Атлетикоға» ауысуға дайын екен. Бірақ әлі нақты шешім қабылдамапты.
Ол осы маусымда 23 ойынға қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.