29.08.2025 17:30
403
Тарихи жеребеде «Селтиктің» қарсыластары анықталды
29.08.2025 17:30
403
Монакода Еуропа лигасы мен Конференция лигасы негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті
Бірінші рет қос лиганың жеребесі біріктірілді және алғаш рет мүлде шар қолданылмай, барлығын компьютер анықтады.
Ал Чемпиондар лигасында «Қайратқа» есе жіберген «Селтиктің» Еуропа лигасындағы сегіз қарсыласы төмендегідей:
Рома (үйде);
Фейеноорд (қонақта);
Брага (үйде);
Црвена Звезда (қонақта);
Штурм (үйде);
Мидтьюлланд (қонақта);
Утрехт (үйде);
Болонья (қонақта).
Сондай-ақ осы іріктеу кезеңінде Қазақстанның клубтарымен кездескен командалардың да қарсыластары белгілі болды.
«Легия» (Конфренция лигасы): «Спарта Прга», «Шахтар Д», «Линкольн», «Целе», «Самсунспор», «Ноа».
«Спарта Прага» (Конференция лигасы): «Шэмрок», «Легия», «Абердин», «Риека», «Ракув», «Университатя Крайова».
«Слован Б» (Конференция лигасы): «Райо Вальекано», «АЗ Алкмар», «Страсбург», КуПС, «Хэкен», «Шкендия».
КуПС (Конференция лигасы): «Слован Б», «Кристал Пэлас», «Дрита», «Ягеллония», «Лозанна», «Брейдаблик».
«Лозанна» (Конференция лигасы): «Фиорентина», «Лех», «Омония», КуПС, «Брейдаблик», «Хамрун».
Еуропа лигасы 24 қыркүйек күні басталса, Конференция лигасының жалауы 2 қазанда желбірейді.