25.05.2026 22:27
Сержиу Консейсау «Әл-Иттихадтан» кетеді
25.05.2026 22:27
Сержиу Консейсау енді «Әл-Иттихадты» жаттықтырмайды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап өзара мәмілеге келіп, 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзады. Қазір өтемақы жөнінде келіссөз жүріп жатыр екен, содан кейін Сержиу Еуропаға оралуға дайын болады.
34 турдан кейін 55 ұпай жинаған «жолбарыстар» Саудия чемпионатын бесінші орында аяқтады. Ал 51 жастағы португалиялық маман бұған дейін «Милан», «Порту», «Нант», «Брага» секілді клубтарды баптаған.