25.05.2026 21:59
«Милан» бас бапкерсіз қалды
25.05.2026 21:59
«Милан» бас бапкері Массимилиано Аллегри қызметінен кетті

Қос тарап келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
Сондай-ақ спорт директоры Игли Таре, бас директор Джорджио Фурнали және техникалық директор Джеффри Монкада да орнын босатты.
38 турдан кейін 70 ұпай жинаған «Милан» Италия чемпионатын бесінші орында аяқтады. Егер соңғы ойында «Кальяриді» (2:1) жеңгенде Чемпиондар лигасына жолдама алатын еді.