19.09.2025 15:28

Шерхан Қалмырзаның трансферлік құны белгілі болды

19.09.2025 15:28

Transfermarkt «Қайрат» ойыншысы Шерхан Қалмырзаның нарықтағы құнын бекітті

Танымал неміс порталы 18 жастағы қазақстандық қақпашыны 200 мың еуроға (128 млн теңге) бағалап отыр.

Қалмырза түнеугүні «Спортингке» (1:4) қарсы ойында Чемпиондар лигасындағы дебютін жасап, Мортен Хюльманн орындаған пенальтиді сәтті тойтарған еді.

Енді 30 қыркүйекте Алматыда өтетін мадридтік «Реалға» қарсы ойында Шерхан қайтадан ел намысын қорғайды деп күтілуде.

Қалмырза – «Қайрат» академиясының түлегі. «Қайрат U18» командасымен бірге екі дүркін (2023, 2024) QJ League чемпионы атанған. Негізгі командадағы дебютін өткен жексенбіде ҚПЛ аясындағы «Ақтөбеге» (1:0) қарсы ойында жасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram