17.04.2026 20:02
Сауд Арабиясы бапкер ауыстырды
17.04.2026 20:02
Сауд Арабиясы бас бапкері Эрве Ренар қызметінен қуылды

«Жасыл қырандар» Әлем чемпионаты қарсаңында 57 жастағы француз маманын қызметінен босатып, оның орнына «Әл-Халиджді» баптап жүрген Йоргос Донисті тағайындады. Енді 56 жастағы грекиялық маман құраманы мундиальға бастап барады.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы биылғы Әлем чемпионатында Испания, Кабо-Верде және Уругвай құрамасымен Н тобында сынға түседі.