17.04.2026 18:01
Сенеси «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін
17.04.2026 18:01
«Борнмут» қорғаушысы Маркос Сенеси «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Лондонның клубы Маркосты еркін агент ретінде алуға басты үміткер болып тұр. «Қораздар» футболшыға 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынды. Сондай-ақ оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар екен.
Одан бөлек Сенесиге көз тіккендердің қатарында «Боруссия» Дортмунд, «Ювентус», «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Бешикташ» және «Астон Вилла» бар.
28 жастағы Аргентина құрамасының ойыншысы осы маусымда 33 матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді.