05.02.2026 17:48
Саша Боэ «Галатасарайға» ауысады
05.02.2026 17:48
Саша Боэ «Галатасарай» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «арыстандар» «Бавариямен» 25 жастағы француз қорғаушысын сатып алу мүмкіндігімен жалға алу туралы келісімге келді. Сондай-ақ Ыстамбұлдың клубы оның жалақысын маусым айына дейін толық өздері төлейді екен.
Саша бүгін медициналық тексерістен өтіп қойды. Жақында келісімшартқа қол қояды.
Айта кетейік, Боэ Мюнхен клубына дәл осы «Галатасарайдан» 2024 жылы ауысып келген еді. Ол осы маусымда 15 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.