05.02.2026 16:26

«Бавария» ойыншысы «Галатасарайға» ауысуға жақын

05.02.2026 16:26

«Бавария» қорғаушысы Саша Боэ «Галатасарайға» оралады

Foot Mercato хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Түркияның клубы 25 жастағы француз қорғаушысын маусым соңына дейін жалға алады. Саша ертең, 6 ақпанда Ыстамбұлға ұшып барып, медициналық тексерістен өтеді екен.

Айта кетейік, Боэ Мюнхен клубына дәл осы «Галатасарайдан» 2024 жылы ауысып келген еді. Ол осы маусымда 15 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram