17.12.2025 14:58
Сантьяго Хименес қашан оралады?
17.12.2025 14:58
«Милан» шабуылшысы Сантьяго Хименестің жағдайы белгілі болды

Біз осыған дейін 24 жастағы Мексика форвардының тобығына ота жасалатыны туралы жазған едік.
Sky Italia хабарлауынша, ол осыған байланысты кемі ақпан айына дейін командасына көмектесе алмайды. Енді «Милан» қысқы трансфер кезеңінде қатарына шабуылшы қосып алу үшін күш салмақ.
Айта кетейік, Хименес осы маусымда 11 матчқа қатысып, бір гол мен бір ассисттің авторы атанды.