17.12.2025 12:23

Менди «Әл-Ахлиде» қалды

17.12.2025 12:23

«Челсидің» бұрынғы қақпашысы Эдуар Менди «Әл-Ахлиде» қалды

Қос тарап келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.

Менди Саудияның клубына 2023 жылдың шілде айында «Челсиден» ауысып келді. Осы аралықта 92 матчта 94 гол жіберіп, 39 ойында қақпасына гол өткізбеді.

Айта кетейік, Менди 2021 жылы UEFA және FIFA The Best нұсқасы бойынша үздік қақпашы атанып еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram