12.12.2025 14:44

Салахтың «Ливерпульдегі» тағдыры бүгін шешіледі

12.12.2025 14:44

«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот шәкірті Мұхамед Салахқа қатысты пікір білдірді

– «Бүгін Салахпен сөйлесемін. Нәтижесінде әрі қарай не болатыны белгілі болады. Біз екеуміз жағдайды саралап, бір тоқтамға келу керекпіз. Бұған қатысты басқа ештеңе дей алмаймын»,– деді Нидерланд маманы.

Осыған дейін 33 жастағы вингер Арне Слотпен сөзге келіп қалып, жақында клубтан кетуі мүмкін екенін айтқан еді. Салдарынан ол Чемпиондар лигасының аясында болған «Интерге» (1:0) қарсы ойыннан тыс қалды.

Айта кетейік, Салах «Ливерпуль» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 420 ойында 250 гол соғып, 116 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram