12.12.2025 12:45
Бундеслиганың үздік ойыншысы белгілі болды
12.12.2025 12:45
«Бавария» вингері Майкл Олисе Бундеслиганың қарашадағы үздік ойыншысы атанды

23 жастағы француз өткен айда төрт матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Осылайша ол дауыс беру нәтижесінде Дениз Ундав («Штутгарт»), Ян Диоманде («Лейпциг»), Ваутер Бюргер («Хоффенхайм»), Ибрахим Маза («Байер») және Данило Духиді («Унион Берлин») артқа тастады.
Олисе осы маусымда ішкі біріншілікте 13 матчта алты гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.