09.10.2025 08:18

Салах рекорд орнатты

09.10.2025 08:18

Египет Джибутиді 3:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатына жолдама алды

Аталған матчта Мұхамед Салах екі рет мергендігімен көзге түсті.

Осылайша мысырлық дүлдүл Африка құрлығындағы Әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі өзінің 19 және 20-голдарын соқты.

33 жастағы шабуылшы бұл көрсеткіш бойынша 18 голдан соққан Дидье Дрогба (Кот-д'Ивуар) мен Ислама Слиманиді (Алжир) артқа тастап, рекорд орнатты.

Салах Египет құрамасы сапында 106 матч өткізіп, 61 гол соғып, 34 нәтижелі пас берген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram