02.12.2025 23:59
Салах алдағы ойындарға қатыспайды
02.12.2025 23:59
Салах Африка кубогына байланысты «Ливерпульдің» кем дегенде 3 матчынан тыс қалады

«Ливерпуль» шабуылшысы Мо Салах 21 желтоқсаннан 18 қаңтарға дейін өтетін Африка кубогына Египет құрамасының алдын ала тізіміне енгізілді.
Бұған дейін 33 жастағы мысырлық футболшы «Ливерпульдің» келесі 8 матчын өткізіп алуы мүмкін екені хабарланған:
«Интерге» қарсы (9 желтоқсан), «Брайтонға» (13 желтоқсан), «Тоттенхэмге» (20 желтоқсан), «Вулверхэмптонға» (27 желтоқсан), «Лидске» (1 қаңтар), «Фулхэмге» (4 қаңтар), «Арсеналға» (8 қаңтар) және «Бернлиге» (17 қаңтар).
Слот хабарлағандай, Салах 15 желтоқсанда ұлттық құрамаға аттанады. Осылайша, ойыншы кем дегенде үш матчты міндетті түрде өткізіп алады, ал тағы үш кездесуге қатысуы Египеттің турнирдегі нәтижелеріне байланысты болады.
Осы маусымда Салах клуб үшін 18 матч ойнап, 5 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.