02.12.2025 23:51

Палмердің қазіргі жағдайы

02.12.2025 23:51

Энцо Мареска: «Палмер дайын және бастапқы құрамда алаңға шығуы мүмкін»

«Челси» бас бапкері Энцо Мареска АПЛ-дің 14-турындағы «Лидсқа» қарсы матч алдында жартылай қорғаушы Коул Палмердің дайындығы туралы айтып берді.

«Ол дайын. Алдыңғы матчта Коул қосалқы құрамда болды, бірақ алаңда 10 ойыншымыз қалғандықтан, оған қиын болды. Себебі толық физикалық қалпына келуі қажет еді. Ол дайын және бастапқы құрамда ойнай алады. Жоспар - оған біртіндеп ойын минуттарын беру. Ол толық 90 минут ойнауға дайын болғанша», - деді Мареска.

Қазіргі маусымда Палмер 4 матчта 2 гол соқты.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram