17.04.2026 21:42
Сака «Манчестер Ситиге» қарсы ойнамайды
17.04.2026 21:42
«Арсенал» вингері Букайо Сака «Манчестер Ситиге» қарсы ойнамайды

Бұл туралы команданың бас бапкері Микель Артета растады. Осыған дейін 24 жастағы англиялық вингер ахилл сіңірін зақымдап алып, кейінгі төрт матчтан тыс қалған еді.
Сондай-ақ Мартин Эдегор, Нони Мадуеке, Риккардо Калафьори және Юрриен Тимбердің матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.
Ағылшын Премьер-лигасының 33-туры аясында өтетін «Манчестер Сити» – «Арсенал» матчы 19 сәуір күні өтеді. Турнир кестесінде Лондонның клубы 70 ұпаймен көш бастап тұр. Ал 64 ұпайы бар «қалалықтар» «Арсеналды» өкшелеп, екінші орында келеді. Айта кетерлігі, Пеп Гвардиола шәкірттері басқа командаларға қарағанда бір ойын кем өткізді.