14.10.2026 00:03

«Сабах» Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

14.10.2026 00:03

Чемпиондар лигасының екінші турында «Сабах» өз алаңында «Славия Праганы» 2:0 есебімен тізе бүктірді

Бакуде өткен кездесуде Кахим Пэррис пен Джой-Ланс Микелс гол соқты. Ал негізгі құрамда алаңға шыққан отандасымыз Стас Покатилов алты сейв жасап, қақпасына гол өткізбеді.

Осылайша Әзірбайжанның клубы додадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін «Сабах» «Олд-Траффордта» «Манчестер Юнайтедке» (0:4) есе жіберген.

Покатиловтың командасы келесі турда 20 қазан күні Дортмундтың «Боруссиясын» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram